Қызылорда облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 55 маман жеңілдетілген несие алды

1 491

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 55 маман жеңілдетілген несие алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ауыл шаруашылығы – мемлекет үшін маңызды сала. Қармақшы ауданы еңбеккерлері бұл саланың көкжиегін кеңейтуде кенде қалмақ емес. ауыл шаруашылығы – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі, ауыл тұрғындарын еңбекпен қамту саласы ғана емес, бұл – ұлттық дәстүрімізді, өмір сүру салтымыз бен мәдениетімізді сақтап қалудың бірден-бір көзі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты. Бұл рас дүние. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін ең алдымен оның дамуына кедергі келтіріп отырған мәселелерді анықтауға тиіспіз. Оларды біртіндеп шешуді қолға алсақ, алға қойған мақсаттар да өздігінен орындала бастайды. Яғни ауыл шаруашылығы өнімдері артып, азық-түлік қауіпсіздігі төмендейді. Биылғы жылы аудан бойынша жалпы көлемі 26813 гектар жерге егін егілді. Оның ішінде басты дақыл күріштің көлемі  13770 гектарды құраса, майлы дақылдар (мақсары) 1050 гектар, жаздық бидай 1050 гектар арпа 150 гектар, сүрлем жүгері 40 гектар, күнбағыс 3 гектар, құмай 50 гектар, мал азықтық дақылдар 9227  гектар, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 1473 гектар жерге егілді. 


Бүгінде 1050 гектар жаздық бидай, 1050 гектар жерге мақсары, 4140 гектар жерге жаңа жоңышқа, 150 гектар жерге арпа, 3 гектар жерге күнбағыс, 50 гектар жерге құмай дақылдары егіліп, 5193 гектар жерге ескі жоңышқа тырмаланып, суарылды. 22 сәуірден бастап бекітілген кестеге сәйкес күріш егу және суға бастыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда 13 770 гектар жерге күріш егіліп, 7 маусымда 13 770 гектар жерге толықтай суға бастырылды. 


"Көктемгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы құрылымдары 1900 тонна арзандатылған дизель отынын алуға өтінім беріп, қазіргі таңда 1503 тонна жанар-жағар май отыны жеткізіліп отыр. Сондай-ақ 13 770 гектар жерге (ауыспалы егістіктерде 11 063 гектар, жайсын жерлерде 2707 гектар) күріш орналастырылып күтімге алынды. Қазіргі уақытта арамшөптерге қарсы 9,0 мың гектар алқап химиялық өңделіп (гербицид беру) және 11,0 мың гектар алқап үстеп қоректендірілді", – дейді аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Әсет Омаров.


Егіске су жеткізу жұмыстары бойынша қазіргі таңда 414,0 млн м3  (79,6%) су алынды. Ал, су бөлу нүктесінен қашық орналасқан және биік танаптардағы егістіктерге су жеткізу үшін ауданға қарасты ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 24 дана насос қондырғыларын пайдалануда. Атап айтар болсақ, «Тұрмағамбет» ЖШС – 4 дана, «Әділет Жер» ЖШС – 1 дана, «Ораз ахун ЛТД» ЖШС – 1 дана, «Шакизада» ШҚ – 1 дана, «Ақтөбе и К» ЖШС – 8 дана, «Достық Жер МК» ЖШС – 2 дана, «Жаңажол» ЖШС – 3 дана, «Әлиасқар Ата» ШҚ – 2 дана, «Дәуіт» ШҚ – 2 дана. 


Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың әлеуметтік маңызы бар бақша өнімдерімен жергілікті тұрғындарды қамтамасыз ету үшін қосымша бақшалық жерлер дайындау туралы тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы аудан бойынша 392 гектар бақшалық жер дайындау жоспарланды.Бақшалық жер дайындау жұмыстары (жер белгілеу, айдау, қарықтау, қоршау, су жүйелерін дайындау) сәуір айының екінші он күндігінен басталып, егіс орналастыру жұмыстары мамыр айының 1-онкүндігінде жаппай жүргізіліп, қазіргі таңда барлығы 392 гектар (100%), оның ішінде 104 гектар картоп, 60 гектар көкөніс, 228 гектар бақша дақылдары егілді. Қосымша дайындалған бақшалық жерлер 881 отбасына бөлініп берілді.


Ал мал шаруашылығының жай-күйіне келер болсақ, аудан бойынша 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында  35606 бас мүйізді ірі қара, 57275 бас қой, 32217 бас ешкі, 13823 бас жылқы, 4689 бас түйе, 20419 бас құс тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мал басы бойынша айтарлықтай өсім қалыптасты. Былтырғы жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 105,1-ға, қой 102,0-ға, ешкі 106,8-ға, жылқы 121,6-ға, түйе 108,6-ға, үй құстары 109,9-ға көбейді.Есепті кезеңде аудан бойынша барлығы 1409,5 тонна ет (тірі салмақта), 2846,3 тонна сүт және 205,2 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда өсім тиісінше ет өндіру 102,2%,  сүт өндіру 102,3%, жұмыртқа 101,5% құрап отыр. Өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2409,2 мың теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,2%-ға орындалды.


Асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал басын көбейту мақсатында «Рахман», «Әбілда Ата» және «Олжа» шаруа қожалықтары 8 бас «Ақбас» асыл тұқымды бұқа сатып алды.Аудан бойынша ветеринариялық базаға малдардың тіркелуі 2023 жылға 1 маусымға ірі қара мал – 4806 бас, уақ мал – 7515 бас, түйе – 333 бас, жылқы – 1256 бас бірдейлендірілді. Осы бірдейлендірілген жануарлар толық дерекқор жүйесіне енгізілді.«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2023 жылы 55 маманға 18975 мың теңге көтерме жәрдемақы (1 маманға 345 мың теңге) және 55 маманға 284625 мың теңге тұрғын үйге (1 маманға 5175 мың теңге) жеңілдетілген несие алу үшін қаржы бөлінді.Қармақшы ауданы бойынша аудан әкімдігі жанынан кұрылған 4 мобильді жұмысшы тобы аудан орталығында орналасқан шағын азық-түлік өнімдерін сататын дүкендердегі 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеді. 


Аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 4  өнімге баға жоғарылады – нан-1,1 %, қырыққабат – 0,3 %, пияз – 0,6 %, тұз – 1,3 %, 1 өнімге баға –   жұмыртқа – 4,9 % төмендеді.


ӘМАТ сату баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөнінде комиссия отырысының тапсырмасына сәйкес құрылған жұмысшы топпен шағын маркеттер мен үй жанындағы дүкендерді аралап негізсіз баға көтермеу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.


Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес, 9-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес белгіленетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері асып кеткен кезде және  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 204-4 бабы ішкі сауда субъектісінің сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілінген ӘМАТ сауда үстемесінің мөлшерінің асыруы – ескерту жасауға және бір жыл ішінде қайталанатындай жағдай болса – айыппұл салуға әкеп соғатындығы ескертілді. 


Сонымен қатар, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясы" АҚ-мен бірлесіп нан бағасын тұрақтандыру бойынша арзандатылған ұн тасымалдаумен оператор ретінде белгіленіп жеке кәсіпкер «Ж.Жаппасбаев» 60 тонна және жеке кәсіпкер «Өмірзақов Бауыржан» 65 тонна, бірінші сұрыпты "Нури-Нан" маркалы ұнын 7300 теңгеден наубайханаларға  сатылуда. (жыл басынан бері барлығы: 125 тн).Төретам кентінен (Қазиев Ә. жеке кәсіпкер "Әлия+" СҮ) Өңірлік тұрақтандыру қорынан 20 млн.тг зайым алып, әлеуметтік бұрыш ашып тұрғындарды азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуде (келісім-шарт мерзімі ағымдағы жылдың тамыз айына дейін).


Аудан бойынша бағаның өсуін тежеу, ӘМАТ бағаларын қалыпты ұстап тұру мақсатында 10%-дан (жеткізушілерден алынған көтерме бағадан) аспайтын ең төменгі сауда үстемесі туралы екі жақты 10 кәсіпкерлік субьектімен 1 жылға меморандум жасалды.Азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және олардың тиісті қорын жасақтау, сұранысқа сәйкес тауарлар бағасының қол жетімді болуына жағдай жасау шаралары, бағаның тұрақтылығы мен оны тежеу жұмыстары тұрақты бақылауда.


Әсет Омаров: 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 55 маман жеңілдетілген несие алды. Ауыл шаруашылығы – мемлекет үшін маңызды сала. Аудан еңбеккерлері бұл саланың көкжиегін кеңейтуде кенде қалмақ емес. ауыл шаруашылығы – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі, ауыл тұрғындарын еңбекпен қамту саласы ғана емес, бұл – ұлттық дәстүрімізді, өмір сүру салтымыз бен мәдениетімізді сақтап қалудың бірден-бір көзі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты. Бұл рас дүние. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін ең алдымен оның дамуына кедергі келтіріп отырған мәселелерді анықтауға тиіспіз. Оларды біртіндеп шешуді қолға алсақ, алға қойған мақсаттар да өздігінен орындала бастайды. Яғни ауыл шаруашылығы өнімдері артып, азық-түлік қауіпсіздігі төмендейді.


Биылғы жылы аудан бойынша жалпы көлемі 26813 гектар жерге егін егілді. Оның ішінде басты дақыл күріштің көлемі  13770 гектарды құраса, майлы дақылдар (мақсары) 1050 гектар, жаздық бидай 1050 гектар арпа 150 гектар, сүрлем жүгері 40 гектар, күнбағыс 3 гектар, құмай 50 гектар, мал азықтық дақылдар 9227  гектар, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 1473 гектар жерге егілді. Бүгінде 1050 гектар жаздық бидай, 1050 гектар жерге мақсары, 4140 гектар жерге жаңа жоңышқа, 150 гектар жерге арпа, 3 гектар жерге күнбағыс, 50 гектар жерге құмай дақылдары егіліп, 5193 гектар жерге ескі жоңышқа тырмаланып, суарылды. 22 сәуірден бастап бекітілген кестеге сәйкес күріш егу және суға бастыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда 13 770 гектар жерге күріш егіліп, 7 маусымда 13 770 гектар жерге толықтай суға бастырылды. 


"Көктемгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы құрылымдары 1900 тонна арзандатылған дизель отынын алуға өтінім беріп, қазіргі таңда 1503 тонна жанар-жағар май отыны жеткізіліп отыр. Сондай-ақ 13 770 гектар жерге (ауыспалы егістіктерде 11 063 гектар, жайсын жерлерде 2707 гектар) күріш орналастырылып күтімге алынды. Қазіргі уақытта арамшөптерге қарсы 9,0 мың гектар алқап химиялық өңделіп (гербицид беру) және 11,0 мың гектар алқап үстеп қоректендірілді", – дейді аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Әсет Омаров.



Егіске су жеткізу жұмыстары бойынша қазіргі таңда 414,0 млн м3  (79,6%) су алынды. Ал, су бөлу нүктесінен қашық орналасқан және биік танаптардағы егістіктерге су жеткізу үшін ауданға қарасты ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 24 дана насос қондырғыларын пайдалануда. Атап айтар болсақ, «Тұрмағамбет» ЖШС – 4 дана, «Әділет Жер» ЖШС – 1 дана, «Ораз ахун ЛТД» ЖШС – 1 дана, «Шакизада» ШҚ – 1 дана, «Ақтөбе и К» ЖШС – 8 дана, «Достық Жер МК» ЖШС – 2 дана, «Жаңажол» ЖШС – 3 дана, «Әлиасқар Ата» ШҚ – 2 дана, «Дәуіт» ШҚ – 2 дана. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың әлеуметтік маңызы бар бақша өнімдерімен жергілікті тұрғындарды қамтамасыз ету үшін қосымша бақшалық жерлер дайындау туралы тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы аудан бойынша 392 гектар бақшалық жер дайындау жоспарланды.


Бақшалық жер дайындау жұмыстары (жер белгілеу, айдау, қарықтау, қоршау, су жүйелерін дайындау) сәуір айының екінші он күндігінен басталып, егіс орналастыру жұмыстары мамыр айының 1-онкүндігінде жаппай жүргізіліп, қазіргі таңда барлығы 392 гектар (100%), оның ішінде 104 гектар картоп, 60 гектар көкөніс, 228 гектар бақша дақылдары егілді. Қосымша дайындалған бақшалық жерлер 881 отбасына бөлініп берілді.Ал мал шаруашылығының жай-күйіне келер болсақ, аудан бойынша 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында  35606 бас мүйізді ірі қара, 57275 бас қой, 32217 бас ешкі, 13823 бас жылқы, 4689 бас түйе, 20419 бас құс тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мал басы бойынша айтарлықтай өсім қалыптасты. Былтырғы жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 105,1-ға, қой 102,0-ға, ешкі 106,8-ға, жылқы 121,6-ға, түйе 108,6-ға, үй құстары 109,9-ға көбейді.Есепті кезеңде аудан бойынша барлығы 1409,5 тонна ет (тірі салмақта), 2846,3 тонна сүт және 205,2 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда өсім тиісінше ет өндіру 102,2%,  

сүт өндіру 102,3%, жұмыртқа 101,5% құрап отыр. Өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2409,2 мың теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,2%-ға орындалды.


Асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал басын көбейту мақсатында «Рахман», «Әбілда Ата» және «Олжа» шаруа қожалықтары 8 бас «Ақбас» асыл тұқымды бұқа сатып алды.Аудан бойынша ветеринариялық базаға малдардың тіркелуі 2023 жылға 1 маусымға ірі қара мал – 4806 бас, уақ мал – 7515 бас, түйе – 333 бас, жылқы – 1256 бас бірдейлендірілді. Осы бірдейлендірілген жануарлар толық дерекқор жүйесіне енгізілді.«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2023 жылы 55 маманға 18975 мың теңге көтерме жәрдемақы (1 маманға 345 мың теңге) және 55 маманға 284625 мың теңге тұрғын үйге (1 маманға 5175 мың теңге) жеңілдетілген несие алу үшін қаржы бөлінді. Қармақшы ауданы бойынша аудан әкімдігі жанынан кұрылған 4 мобильді жұмысшы тобы аудан орталығында орналасқан шағын азық-түлік өнімдерін сататын дүкендердегі 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеді. 


Аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 4  өнімге баға жоғарылады – нан-1,1 %, қырыққабат – 0,3 %, пияз – 0,6 %, тұз – 1,3 %, 1 өнімге баға –   жұмыртқа – 4,9 % төмендеді. ӘМАТ сату баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөнінде комиссия отырысының тапсырмасына сәйкес құрылған жұмысшы топпен шағын маркеттер мен үй жанындағы дүкендерді аралап негізсіз баға көтермеу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.


Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес, 9-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес белгіленетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері асып кеткен кезде және  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 204-4 бабы ішкі сауда субъектісінің сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілінген ӘМАТ сауда үстемесінің мөлшерінің асыруы – ескерту жасауға және бір жыл ішінде қайталанатындай жағдай болса – айыппұл салуға әкеп соғатындығы ескертілді. Сонымен қатар, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясы" АҚ-мен бірлесіп нан бағасын тұрақтандыру бойынша арзандатылған ұн тасымалдаумен оператор ретінде белгіленіп жеке кәсіпкер «Ж.Жаппасбаев» 60 тонна және жеке кәсіпкер «Өмірзақов Бауыржан» 65 тонна, бірінші сұрыпты "Нури-Нан" маркалы ұнын 7300 теңгеден наубайханаларға  сатылуда. (жыл басынан бері барлығы: 125 тн).


Төретам кентінен (Қазиев Ә. жеке кәсіпкер "Әлия+" СҮ) Өңірлік тұрақтандыру қорынан 20 млн.тг зайым алып, әлеуметтік бұрыш ашып тұрғындарды азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуде (келісім-шарт мерзімі ағымдағы жылдың тамыз айына дейін).


Аудан бойынша бағаның өсуін тежеу, ӘМАТ бағаларын қалыпты ұстап тұру мақсатында 10%-дан (жеткізушілерден алынған көтерме бағадан) аспайтын ең төменгі сауда үстемесі туралы екі жақты 10 кәсіпкерлік субьектімен 1 жылға меморандум жасалды.Азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және олардың тиісті қорын жасақтау, сұранысқа сәйкес тауарлар бағасының қол жетімді болуына жағдай жасау шаралары, бағаның тұрақтылығы мен оны тежеу жұмыстары тұрақты бақылауда.