Бір жылда пәтер сатылымы 21% артқан

2 533

Фото: pixabay2024 жылғы мамыр айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 31 071 мәміле тіркелген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оның ішінде:

7 668 — жеке үйлер бойынша 

23 403 — көпқабатты үйлердегі пәтерлер бойынша.


2024 жылдың сәуірімен салыстырғанда (31 248) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілесінің саны 0,6%-ға азайды.


Мәміле саны бойынша бұрынғысынша Алматы (6 427 — 20,7%) және Астана (4 467 — 14,4%) қалалары, сонымен қатар Қарағанды облысы (2 687 — 8,6%) көш бастап тұр. 


Мәміле саны Ұлытау облысында ең аз — 344 қана (1,1%).

2024 жылдың мамырында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы тиісті аймен салыстырғанда 21,4%-ға көбейген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.