Хиджабтағы бойжеткенді зорламақ болған ер адам ұсталды

1 458

Фото: freepik.comАқтауда масаң күйдегі ер адам түнде көшеде кетіп бара жатқан хиджабтағы қызды зорламақ болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Видео кадрларында оқиға 15 шағын аудандағы жағалауда болғаны айтылған. 


“Мына жігіт қазақпын дейді. Хиджабтағы қызды ұрып, құлатып, зорлауға тырысып есіненен тандырып жатқан кезде ұсталды”, – деген куәгерлер видеода. 

Бұл туралы Ақтау қаласы полиция бөлімінің бастығы Қасанов Айдар Демегенұлы хабарлады.


“Оқиға 2:50 шамасында болған. Ішкілікті күйдегі қала тұрғыны серуендеп жүрген қыз балаға тиісіп, зорлық әрекеттерді жасауға әрекеттенген. Оның бұл әрекетін өтіп бара жатқандар көріп, араша түскен. Қылмыстық іс қозғалды, күдікті тергеу сотының санкциясымен қамаққа алынды”, – делінген хабарламада. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.