10 жасар бала еріген суға батып кетті

1 578

Фото: Vera.kzАқтөбе облысында тағы бір бала еріген суға батып кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қайғылы оқиға 2 сәуірде Әйтеке би ауданы Белқопа ауылында болды. 10 жастағы бала көшеде достарымен ойнап жүріп, тайып кетіп, еріген суға құлаған. Ол терең болып шығып, бала шыға алмай қалған. Баланы судан шығарған кезде оның көз жұмғаны белгілі болған.


"Бала жас отбасының үлкен ұлы еді. Ерлі-зайыптының тағы екі қызы бар. Анасы - мұғалім, әкесі - күзетші", - деді ауылдық округ әкімдігі өкілдері.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.