Қазақстан «Байқоңырды» жалдау ақысын 3,2 млрд теңгеге қымбаттатты

299
Қайта қаралған биылғы бюджет жобасында Ресей «Байқоңыр» кешенiн жалға алғаны үшін биыл 52 млрд 143,5 млн теңге төлеуі тиіс деп бекітілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

qazaqstan.tv жазғандай, Ресей жалдап отырған әскери полигондарға – 9 млрд 217,9 млн теңге ақы төлейді.

Мамандар бұл шешім теңге бағамының АҚШ долларына шаққанда өзгеруіне қатысты қабылданғанын айтты.

Жалпы, ел арасындағы мәміле бойынша ғарыш айлағы кешенін қолданғаны үшін Мәскеу жыл сайын республикамызға 116 млн доллар төлеп тұрады. Ал, әскери полигондарды қолданғаны үшін 20 млн доллардан астам қаржы төлеуге міндеттелген.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.