12 жасар қыз ана атанды: Баланың әкесі психиатриялық ауруханада жатыр

1 727

ФОТО: ShutterstockБалалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Нәсімжан Оспанова 12 жастағы жас ананың мектепте оқуын жалғастыратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


“Қыз оқуын жалғастырады. Оған психологиялық және педагогикалық көмек көрсетіледі. Балалардың білім алу құқығы Конституциямен қорғалады”, – деді Нәсімжан Оспанова.


Оның айтуынша, мұндай жағдай Павлодар облысында жиі кездеседі. Сондай-ақ баланың әкесінің қайда және қандай жағдайда екені белгілі болды.


“Бұл – өте қорқынышты және алаңдатарлық жағдай. Қыздың жағдайын байқаған мектеп мұғалімдері, психологиялық және медициналық қызметкерлермен бірге жұмыс істей отырып дереу әрекетке көшкен. Қылмыстық іс қозғалды. Қыз бен оның жақын туысының арасындағы жағдай үйде болған. Күдікті де кәмелет жасқа толмаған. Зорлау әрекеті 2023 жылдың қазан айында болған. Күдікті қазір психиатриялық ауруханада жатыр. Оған қатысты белгілі бір сараптама жүргізіліп жатыр. Бұл іс Балалар құқығын қорғау комитетінің бақылауында”, – деді Нәсімжан Оспанова.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.