Әскерге жарамсыз парағын заңсыз таратқан комитет қызметкері ұсталды
106
Батыс Қазақстан облысында аудандық қорғаныс істері бөлімі қызметкері заңсыз әскери билеттерін беріп, бірнеше рет пара алған, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, аталған лауазымды адам әскери қызметке «жарамсыздығы» және әскери билеттерді заңсыз бергені үшін азаматтардан бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінген. Ол 5 сәуірде тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат таратылуға жатпайды.