Мемлекет егілмеген таңқурай үшін алаяқтарға 800 млн теңге субсидия берген

1 156

Жамбыл облысында алаяқтар фермерлердің атынан егілмеген таңқурай үшін 800 млн теңге субсидия алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ведомствоның Жамбыл облысы бойынша департаменті шаруа қожалықтарының реквизиттері мен құжаттарын пайдалана отырып, тауарды жеткізбей, жұмыстар мен қызметтерді орындамастан шот-фактуралар жазып беріп келген бірқатар тұлғаға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.


«Жалған шот-фактуралар субсидияланатын таңқурай түрлерін жеткізуге жазылып келген. Кейін шаруа қожалықтарын ескертпестен олардың атынан субсидия алуға электронды өтінім берілген. Тексерулер нәтижесінде фермерлерде таңқурай егіс алқаптары жоқ болып шықты. Аталған тұлғалар мемлекеттен 800 млн теңгеден астам сомаға субсидия алған. Алаяқтық фактілері бойынша 4 қылмыстық іс тіркелді ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ұсынылған хабарламада.


Ескертіліп өткендей, Конституцияның 77-бабына және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабына сәйкес, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін күдікті кінәсіз болып есептеледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.