Әнұран орындаудан бас тартқан оқушы қыз полиция қолынан қаза тапты

281
16 жастағы ирандық Асра Панахи үкіметті мадақтау әнін айтудан бас тартқаны үшін өз мектебінде қауіпсіздік күштерінің соққысынан қаза тапты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




«» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сол күні полиция жасақтары наразылық танытқан Иранның Ардебил қаласындағы әйелдер мектептерінің біріне келіп, студенттердің үкіметті жақтайтын шеруіне қатысуын талап еткен.

Митингке қатысушылар Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеиді мадақтайтын үгіт-насихат әнін айтуы керек еді.

Студенттер бағынудан бас тартқаннан кейін полицейлер қыздарды аяусыз ұра бастады. Соққы салдарынан 10 оқушы қыз ауруханаға түскен. Кейін олардың бірі Асра Панахи қайтыс болды.

Сонымен қатар соққыдан кейін полицейлер бірнеше қызды ұстап, белгісіз бағытқа алып кеткен.

Оқушы қыздың өлтірілуінен кейін Ардебилде наразылықтар қайтадан күшейе түсті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.