Алматы облысында 120-дан аса мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген
363
Алматы облысындағы білім мекемелерінде 120-дан аса мұғалім жалған дипломмен қызмет атқарған, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі облыс прокуратурасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көрiнеу жалған құжатты пайдалану дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Прокуратура өкілдері 81 маманға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтты.
"Сарқан, Қарасай, Көксу, Ескелді аудандары мен Текелі қаласының орта мектептерінде 122 мұғалім жоғары оқу орындарының жалған дипломын пайдалану арқылы жұмысқа тұрғаны анықталды. Жалған құжаттар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті атын пайдалану арқылы жасалған", - делінген хабарламада.
Көрiнеу жалған құжатты пайдалану дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"41 маманға қатысты қылмыстық іс кінәларын мойындауына байланысты және "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңына орай өндірістен тоқтатылды және олар қызметтен босатылды", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Прокуратура өкілдері 81 маманға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтты.