Туған анасы 4 айлық нәрестесін ұрған

1 338

Фото: istockphoto.comПавлодарда анасы небәрі 4 айлық нәрестесін ұрып, жазым ете жаздаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Салдарынан кішкентай сәби ауруханадан бір-ақ шыққан. Тексеру барысында сәбидің миы шайқалып, түрлі дене жарақатын алғаны белгілі болған. Дәрігерлер полицияға баланың соққыға жығылғанын баяндаған. Тәртіп сақшылары баланы анасының ұрып соққанын анықтады. Қазір нәресте жетімдер үйіне тапсырылды. 4 айлық баланың кәмелет жасына толмаған ағасы да өңірдің балаларды қолдау орталығына берілді. Ал анасы психологиялық ауытқуына байланысты ауруханада ем алып жатыр.


"Баланың заңды өкіліне қатысты Қылмыстық кодекстің 106 бабы 2-тармағы бойынша іс қозғалды. Бұл денсаулыққа қасақана зиян келтіру бабы. Ал баласын соққан анаға қатысты сот өтетін болады. Онда ананы ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралады. Қазіргі уақытта сәбидің жағдайы жақсы. Өсіп келеді", - дейді Павлодар облысы бойынша балалар құқығын қорғау жөніндегі жедел уәкіл.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.