Қызылордада оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеген күдікті сотталды

1 437

Фото: istockphoto.comҚызылорда қаласының №2 сотында оқушы қызды қорқыту арқылы секс құлдыққа тарту бабы бойынша қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сотта белгілі болғандай, сотталушы «масқаралайтын мәліметтерді жариялаймын» деп кәмелетке толмаған жәбірленушіден 700 000 теңге ақша тауып беруін талап еткен, сонымен қатар оның сөмкесіндегі 35 000 теңгені қорқытып тартып алған.

Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің біркелкі жауаптарымен, оқиға орнын қарап-тексеру туралы хаттамасымен, беттестіру жүргізу хаттамаларымен, сот психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысымен бекітілді.

«Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. ҚР ҚК-тің аталған бабының санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді», – делінген сот хабарламасында.

Жеңілдетілген мән-жай ретінде оның бұрын сотталмағаны және жастығы ескерілді (21 жас).

Нәтижесінде сот сотталушыға  4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.