Қызылордада жеке үйден 40 мың еуро ұрлаған екі күдікті ұсталды

224
Қызылордада жеке үйден 40 000 евро ұрлаған екі ұры құрықталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Полиция басқармасының 102 арнасына 54 жастағы қала тұрғыны арызданған болатын. Белгісіз біреулер үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, терезесін ашып кіріп, жатын бөлмедегі кереует астынан 40 000 евроны, Samsung Galaху Tab S7 және Samsung S9 ұялы телефондарын алып кеткен, 29 және 30 жастағы екі күдікті ұсталды, - деді Қызылорда қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Ғалымжан Өмірзақов.


Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігімен (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.