Қызылорда қалалық ауруханасында дәрі тапшы ма?
307
Қызылорда қалалық ауруханасында дәрі-дәрмек тапшылығы орын алуда, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде қалалық ауруханада дәрі-дәрмек жеткіліксіз деген ақпарат кеңінен тарауда.
Қала тұрғынының айтуы бойынша, анасының тапсырған COVID-19 тест сынамасы оң нәтиже беріп, өкпесіне ем алу үстінде екен. Ал, аурухана дәрігерлері дәрі-дәрмектің тапшы екендігін айтып, өзге дәріханалардан дәрі алдыруын қояр емес дейді.
Расында, вирустың таралуы үдеп, оның тарауы жылдамдатылып отырған сәтте ауруханамыздың індетпен күресуге дайын болмағандығы ма?
Міндеті медициналық сақтандырудың көмегі тиіп, тегін дәрі-дәрмекпен ем алып жүргендер қатары аз шығар бәлкім. Себебі, облысымыздағы медицина саласына қатысты теріс пікір азаяр емес.
Десек те, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пазылов Сабит мырзаға айтылып жатырған сын мен шағым азаяр емес.
Облысымыздың бас дәрігеріне халық тарапынан жылдар бойына толасыз шағымдар айтылып, медицина саласының ақсап тұрғаны сөз етілсе де, кемшіліктерге көз жұма қарағаны қала мен аудан тұрғындарын ызаландырып отыр.
Алайда, қиындыққа мойынсұнбаған бас дәрігеріміз аймақ басшысынан Ана мен бала орталығынан арнайы бөлімше ашып беруін сұраған болатын.
Расында, бас дәрігеріміз 37 миллион жұмсалатындығын жобалағанымен, заңдылығы қарастырмағаны санаға сыйымсыз.
Ал, аймақ басшысы бас дәрігердің бұл әрекетіне снаған болатын.

«Анам қатты сырқаттанып, өкпе демекпесімен ауруханада ем алуда. Алайда, короновирусты инфекцияның дәрілері у дай қымбат. Енді амалдың жоқтығынан біз соны сатып алып отырмыз. Себебі ауруханада дәрі жоқ екен. Дәрі түгілі барлық емдеу кезінде пайдаланатын шприц, жапсырма, система, дәрілерді де өзіміз жеткізіп отырмыз. Сонда біз өз дәрі-дәрмегімізді сатып алып отырсақ. Ай сайынғы медициналық сақтандырудың не керегі бар? Одан келер қандай көмек бар?»,- дейді Жадыра.
Расында, вирустың таралуы үдеп, оның тарауы жылдамдатылып отырған сәтте ауруханамыздың індетпен күресуге дайын болмағандығы ма?
«Мен бір апта жаттым, сонда барлық дәрі-дәрмегімді өзім сатып алдым. Медициналық сақтандыруды не үшін төлеп отырмыз?»,-дейді Мөлдір Шапағатқызы.
«Медбикелер келіп, ашық айтады ғой. Қолғап, жапсырма, системаларды жазып беріп, осыларды алдырт деп.»,-дейді Асыл.
Ал, аурухана әкімшілігі: «Көпбейінді қалалық ауруханасының инфекциялық төсек орындарында ем алып жатқан науқастарға кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетілуде. Бөлім толық емдік хаттамаға сәйкес дәрі-дәрмектермен қамтылған.»,- деп сендіруде.