Екі полиция қызметкері 14 жастағы оқушы қызды зорлап, видеоға түсірген

1 907

Желіде анонимді дереккөзден Қонаев қаласында екі полицияның қызмет бабын пайдаланып, 14 жастағы оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, оны видеоға түсіріп алғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



“Не молчи” қорының Instagram парақшасына зорлық көрсеткендердің бірі – кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор болса, екіншісі – күзет бойынша полиция қызметкері.  


Екі полицей оқушы қызға істеген әрекеттерін видеоға түсіріп, басқаларға тартқан деген ақпарат бар. Ал оқиға басшылыққа жеткен кезде іс насырға шаппай тұрып екі қызметкер де оқиға күнінен бұрынғы датамен жұмыстан шығарылған.  


Қордың айтуынша, бұл туралы бүкіл полиция бөлімі білсе де, үндемейді.


“Қыздың ата-анасы да үнсіз. Олардың бұл жағдайдан хабары болмауы мүмкін немесе олардың да үндемеуі үшін полиция келісіп қойған”, – делінген желідегі жазбада. 



Осыған байланысты балалардың құқығын қорғау комитетінен Динара Закиева екі күдіктінің де қазір қамауға алынғанын хабарлады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.