Сырдарияда дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтуде

1 482

Фото: Сырдария аудан әкімдігіАудан әкімі Берік Сәрменбаев Шаған ауылдық дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстары барысымен танысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Жұмыс сапары барысында мердігер мекеме өкілімен кездесіп, құрылыс қарқыны мен сапасына баса назар аударды.

Аудан басшысы облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен медициналық нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқанына тоқталды. Дәрігерлік амбулатория жаңарғаннан кейін тұрғындардың денсаулығын жақсартуға тікелей әсер ететінін атап өтті.

Медициналық ғимаратты күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 328 млн. теңге бөлінген. Қазіргі таңда амбулаторияда ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, инженерлік желілерді жаңарту, жылу жүйесін жетілдіру, есік-терезелерді ауыстыру, санитарлық тораптарды жөндеу сынды ауқымды жұмыстар атқарылуда.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.