Аудан әкімдігі орындалмаған жұмыстар үшін 7 млн теңге көлемінде төлем жүргізген

1 110

Солтүстік Қазақстан облысында аудан әкімдігі мемлекеттің қаржысын негізсіз жұмсамақ болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Облыстық прокуратураның мәлімдегендей, Ақжар ауданы экономика және қаржы бөлімінің лауазымды адамдары "Автомобиль жолдары туралы" Заңның 14-бабының талаптарын бұза отырып, ведомстволық сараптамадан өтпей, 3 ауылдағы жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізген.


“Прокурорлық қадағалау шараларымен қабылданған сатып алулар жойылып, нәтижесінде 363 млн теңге бюджет қаражатының жұмсалуына жол берілмеді. Басқа жағдайда, осы ауданда ауылдық округ әкімі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның талаптарына қарамастан, Талшық ауылындағы кентішілік жолдарды жөндеуге арналған шарт бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін 7 млн теңге көлемінде төлем жүргізген”, – делінген прокуратура хабарламасында.


Қадағалау актісі және Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдары бойынша ауылдық округ әкімі мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ бюджет қаражатын өтеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.