«Қазақ деген ұлт болмаған»: Ресейден тағы бір арандату сөз желдей есті
1 668
Ресей тарапынан арандату тағы жалғасты. Бұл жолы тұтас Орталық Азия халықтарына тіл тигізген саяси сарапшы, тарихшы тарихымызды жоққа шығарып отыр,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
НТВ телеарнасының «Место встречи» бағдарламасына сұхбат берген тарихшы әрі жазушы Михаил Смолин қазақ, өзбек, әзербайжан деген ұлттар ешқашан болмаған, олар қолдан жасалған деген сөз айтқан.
Қазақстан деген қалай пайда болды? О баста РСФСР құрамындағы Қазақ ССР-і деген пайда болды. Яғни ешқандай қазақ деген болған жоқ. Кейін Қазақ ССР-інің құрамында Қырғыз ССР-і дегенді құрды. Одан кейін оларды РСФСР-ден бөліп шығарды. Ол жерде ұлт қалыптастыруға қатысты небір сорақы шешімдер іске асты. Мысалы, революцияға дейін өзбек деген болған жоқ. Ондай этникалық атау болған емес. Алды да бірнеше Орталық Азиядағы ұлттан өзбектерді жасап шықты. Тура солай, әзербайжан ұлтын айтсақ болады. Әзербайжан деген ұлт революцияға дейін болған емес. Айтпағым Ресей империясының жерін түрлі этникалық топтарға бөліп берді, - дейді ол.