Қазақстанда ер адамдардың жалақысы әйелдерге қарағанда жоғары
315
Қазақстанда ер адамдардың айлық табысы әйелдерге қарағанда 22% көп,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Energyprom сайтына сілтеме жасап.
Ақпарат ресурсы биыл елдегі әйелдердің орташа номиналды айлығы қанша болғанын есептеп, ерлердің айлығымен салыстырған.
«Биыл әйелдердің орташа номиналды жалақысы 202,3 мың теңге болды. Салыстырсақ, ерлердің көрсеткіші 246,3 мың теңгеге жеткен. Бірдей салада жұмыс істейтін ерлер әйелдерге қарағанда 21,7% жоғары жалақы алады. Әсіресе балық аулау және аква шаруашылықта (70,7%), қаржы және сақтандыру қызметінде (46,6%), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында (31,2%), тау-кен өнеркәсібінде (27,2% айырмашылық жоғары», - деп жазылған талдауда.
Табыс теңсіздігін басқа құралдар арқылы өтеу үшін «Отбасы Банктің» «Ұмай» ипотекасын іске қосқаны да айтылады. Бұл шара Азия даму банкінің қолдауымен іске асып отыр.
Бұдан әрі Energyprom «Ұмай» бағдарламасын елдегі екінші деңгейлі банктері ұсынатын несие өнімдерімен салыстырған.
Айта кетейік, Қазақстан биыл гендерлік теңдіктің жаһандық рейтингінде 156 мемлекет арасынан 80-ші орынға тұрақтады.