Маңғыстаулық өрт сөндірушілер жалақыларын көтеруді тағы да талап етті

324

"Ақ Берен" ЖШС Маңғыстау филиалының "Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару жұмыстары республикалық орталық штабы" қызметкерлері Президентке видео үндеу түсіріп, жалақыларын тағы да көтеруді талап етті, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі “Лада Ақтау” порталына сілтеме жасап.


Өрт сөндірушілер бұндай өтінішті бір ай бұрын да жасаған. Қазақстанда 2022 жылғы ең төменгі жалақы 60 мың теңге болса, өрт сөндірушілердің бүгінгі жалақысы 65-70 мың теңгені құрайды. Қызметкерлер жалақыны 300 мың теңгеге дейін көтеруді талап етті. 


Бұдан кейін жұмыс берушілер өрт сөндірушілердің талаптарын түсінетіндіктерін айтып, өрт қауіпсіздігі және авариялық-құтқару жұмыстарымен қамтамасыз етілген "ҚазТрансОйл" компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатқандарына сендірді.
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.