Қазақстанда отбасы мүшелеріне арналған "111" шұғыл қоңырау нөмірі пайда болды

436

Елімізде қиын жағдайға тап болған отбасы мүшелеріне арналып "111" шұғыл қоңырау нөмірі пайда болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт сөндіру, авариялық-құтқару және басқа да қызметтер тізбесіне толықтырулар дайындады.


Бұл нөмір барлық қазақстандықтарға ақпараттық-анықтамалық, ұйымдастырушылық сипаттағы тегін байланыс қызметтерін, сондай-ақ психологиялық көмек көрсетуді, азаматтардың заңды құқықтарын қорғайтын барлық мәселелер бойынша бастапқы кеңес беруді қамтамасыз етеді. 


Тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалар құқығының бұзылуы, баланың көшеде, үйде жалғыз қалып қалуы секілді түрлі жағдайға тап болған, қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен ересектер, отбасы мүшелері осы нөмірге хабарласа алады.  


Бұрын бұл нөмір "Аманат" партиясының жанынан жұмыс істесе, қазір 101, 102, 103 және т.б. нөмірлермен бірге мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің бірыңғай тізіміне енді.


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.