Сотталушыдан 10 млн теңге пара алмақ болған алаяқ "генерал" ұсталды

249
Ақмола облысында өзін "генералмын" деп таныстырған ер адам сотталушыны пара беруге итермелеген- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды. 

20 шілдеде Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен өзін "әскери генерал" деп таныстырған ер адам 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орта қауіпсіздік мекемесінде өтейді. 

"Ысырап ету фактісі бойынша сотталушыны Семей гарнизонының Әскери сотының ақтау үкімін шығаруға сот жүйесінің лауазымды тұлғаларына 10 миллион теңге көлемінде пара беруге итермелегені және алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танылды. Бұрын сотталған адам тиісінше пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, үкімдердің жиынтығын ескере отырып, сот оған орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтеуге 8 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындады", - делінген хабарламада.
 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.