Қызылордада инновациялық жобаларға арналған қайтарымсыз грант беріледі

117

Биылдан бастап Бизнес старт кәсіпкерлік орталығы  республикалық бизнес инкубаторлар жүйесіне енгізілген болатын,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Осы бағдарламаға сәйкес, «QazІnnovation» АҚ еліміздегі жас кәсіпкерлердің инновациялық жобаларын қолдау мақсатында қайтарымсыз грантқа өтінім қабылдайды. 

Аталған грант электронды өндіру, жасыл және қаржылық технологиялар, робототехника, IT салаларына бағытталған.  Бұл жөнінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің кәсіпкерлік орталығының жетекшісі Жанарыс Түбекбаев хабарлады.  


«Бизнес идеяларды іске асыруда қолдау танытып келе жатқан «QazІnnovation» АҚ бірнеше бағыт бойынша қайтарымсыз грант тағайындайды. Оның алғашқысы - технологиялық коммерцияландыру бойынша 20 млн. теңгеге дейінгі қаржыландыру гранты. Басты шарт – жеке кәсіпорын жобаның мөлшеріне сай өзінің атынан 10 пайыз қаржы салуы керек. Сондай-ақ жобаны іске асыру мерзімі  - алты ай. Екінші грант – жұмыс істейтін кәсіпорындардың  IT технологияларды енгізуге арналған гранттық бағдарламасы. Жобаны қаржыландыру мөлшері – 100 млн. теңге және 36 ай мерзімде толық іске қосылуы шарт. Келесі грант жалпы технологиялық құрал-жабдықтарды алуға бағытталған 400 млн. теңгелік бағдарлама. Мұнда жеке қаржыландыру мөлшері  келісім шарт бойынша 30 пайыз, ал құрал-жабдықтарды алуға 50 пайыздан төмен болмауы қажет. Соңғы гранттық жоба – кластерлердің технологиялық дамуына арналған 800 млн. теңгелік бағдарлама. Жобаға жеке қаражат ретінде 20 пайыз қаржы салуы керек. Жалпы әр жобаны өз мерзіміне сай орындап, қайтарымсыз грант арқылы кәсіптерін дамытуына болады», - деді Жанарыс Түбекбаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.