Биыл 2 миллионнан аса отбасыға әлеуметтік төлемдер берілмек

209

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін министрлік мынадай бағыттарда жан-жақты жұмыс жүргізіп жатыр. Біріншіден, ана мен баланы әлеуметтік қолдау ескерілген. Биыл әлеуметтік төлемдер 2 миллионнан аса отбасыға беріледі, оған 1,2 триллион теңге қаржы жұмсалады, - деді ол.


Ол Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында биыл 1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді төлеу кезеңі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзартылғанын айтты. 


Осы жылдың І тоқсанында оны алушылардың жалпы саны 435 мың адамнан асты. Оның ішінде жұмыс істемейтін 93 мың ана жәрдемақыны республикалық бюджеттен, ал жұмыс істеген 343 мыңнан астам адамға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленіп жатыр. Мұндай төлемдерді биыл дүниеге келген және былтыр туған, бірақ жасы әлі 1-ге толмаған балалары бар 760 мың отбасы алады деп жоспарлап отырмыз. Бұл мақсатқа 334,5 миллиард теңге көзделген, - деді министр.


Оның айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған пакет биылдан бастап ақшалай берілмек.


Осы санаттағы 114 мыңнан астам балаға 1,4 миллиард теңге әлеуметтік көмек берілді. Атаулы әлеуметтік көмекке қажет 74 миллиард теңге балаларға арналған ақшалай төлемдерді қоса есептегенде, өңірлерге жалпы сипаттағы трансферттермен берілді, - деді Тамара Дүйсенова.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.