Ақтөбеде 78 миллионға алынған картоп шіріп кеткен- әкім жауап берді

390
Жақында желіде Ақтөбе дүкендерінің сөрелеріне шыққан шіріген әлеуметтік картоп наразылық туғызды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kaz.orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Әкім картоптың шіріп кетуіне қызметкерлер кінәлі екеніне сенімді.

«Тауарлар уәде бергеніндей болмай шықты. Бұл кімнің кінәсі? Келісімшартқа қол қойғандар ма немесе тауарды жеткізгендер ме, не болмаса өндірушілер ме? Қазір мұны анықтап жатырмыз. Кінәні бір-біріне сілтеп отыр. Бірі дұрыс тауар өндірдік дейді, екіншісі дұрыс жеткізгенін айтады. Ал сатушы не бар соны алыңдар дейді. Кәсіпкерлерге келетін болсақ, енді олардың адалдығына назар аударамыз. Ал қызметкерлерге, ауыл шарушалығы басшылығы мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына қатысты шешім тексеріс соңында шығады» деп түсіндірді әкім.

Еске салсақ, Ақтөбе тұрғындары 84 теңге тұратын әлеуметтік картоптың шіріп кеткені туралы хабарлаған. Ең қызығы, тұрақтандыру қоры осы шіріген картоп сатып алуға 78,6 млн теңге жұмсаған. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.