Түнгі үрей: 9-қабаттағы пәтердің терезесі алдында дрон пайда болды

1 542

Фото: wallpaperflare.comҚыз бала түнде басынан өткен үрейлі жағдайымен бөлісті. Оның айтуынша, оқиға түнгі сағат 03:13 шамасында болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Үйге келіп, беті-қолымды жуып, диванға отырдым. Сол сәтте терезе жақтан бірдеңе көзіме түсті. Қарасам, терезе алдында дрон қалықтап тұр. Мен 9-қабатта тұрамын, ал дрон маған шамамен 5 метр қашықтықта 10–15 минуттай тұрды. Қорыққанымнан дірілдеп отырдым. Полицияға қоңырау шалған соң ғана дрон ұшып кетті. Оның кімге тиесілі екені және қанша уақыт бақылап тұрғаны белгісіз», – дейді ол.

Желі қолданушыларының кейбірі неге терезеде перде болмағанына таң қалған. Бұған қатысты бойжеткен: 

«Жақында ғана көшіп келдім, ең жақын көршінің терезесі алыс орналасқан. Біреулер осылай ашықтан-ашық терезеден қарайды деп мүлде ойламадым», – деп түсіндірді.

Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдарының ресми пікірі әзірге жарияланған жоқ.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.