Батыс Қазақстанда аяғы ауыр экс-шенеунік сотталды
389
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық соты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 28 жастағы бұрынғы қызметкеріне қатысты айыптау үкімі оқылды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Сот үкімінде айыпталушы 2019 жылдың қаңтарында бөлім маманы қызметіне тағайындалғаны көрсетілген.
Оның міндетіне бухгалтерлік есеп, мүлік пен тауарлық-материалдық құндылықтарды толық есепке алу, тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алу, бюджетті құру және қызметкерлердің жалақысын жоспарлау кірген.
Бөрлі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының бұйрығымен шенеунікке екінші қол қою құқығы жүктелді.
"Бас маман болып жұмыс істеген азаматша К. электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы өзінің дербес шотына 939 мың теңге аударған. Бұл ақшаны ол өз қалауына жұмсап, мемлекетке шығын келтірген. Сот оны Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 3-бөлігінде қарастырылған (Өзгенің сеніп тапсырған мүлкін жымқыру немесе иемдену) қылмысты жсағаны үшін кінәлі деп тапты", - деп хабарлады соттан.
Сотқа дейінгі тергеу және процесс кезінде сотталушы кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынды өтеген.
Үкім шығару кезінде сот оның жүкті екенін және он жастағы баласының барын ескерген. Экс-шенеунікке қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде 2,6 жыл жазасын өтеу үкімі шығарылған.
Дегенмен, сотталушы қызы 14 жасқа толған соң, 2024 жылдан бастап жазасын өтейді.