Шымкентте ер адам өз қызын зорлады

337
Шымкенттік әйел күйеуін сегіз жасар қызына зорлық көрсетті деп айыптап, тергеуші мен прокурордың істі жабуға тырысып жатқандығын айтты,- деп хабарлайды Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Кtk.kz хабарлауынша, қыз анасына әкесінен қорқатынын мойындап, онымен бірге қалдырмауды өтінген. Артынша бұл сұмдық бір жыл бойы жалғасқаны белгілі болды.

Ер адамның үстінен «жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабы бойынша іс қозғалды. Дегенмен ол бостандықта жүр. Полицияға арызданғаннан кейін ер адам қамауға алынды, бірақ 10 күннен кейін босатылған.

«Тергеуші де, прокурор да, күйеуім де бір ауылдан. Олар алыс туыстар. Іс дұрыс зерттелмеген, созылып кеткен, дәлелдемелер есепке алынбаған, сараптамалар тағайындалмаған. Содан кейін күйеуім маған: «Маған педофилдік үшін 10 жыл берсе де, мен шыққан соң сені және қызыңды өлтіремін» деп қорқытты»,- деді әйел.

Тергеушілер бұл істе ешқандай дәлел жоқ дейді. Сол себепті күдікті босатылған.

«Болған оқиғаның барлығын бір бала көрді, ол куәгер. Бұл туралы жәбірленуші тергеушіге айтып берген. Бірақ бұл айғақтар жауап алу хаттамасында да жоқ. Ал прокурор өз қорытындысында сот-медициналық сараптамасы дайын болмағандықтан, қамауға алынған адам босатылуға тиіс екенін атап өтті. Заң бойынша, олар, керісінше, қамауға алу мерзімін ұзарту керек! Өйткені, бұл сараптаманың ертең не көрсететіні белгісіз»,- деп ашуланды жәбірленушілердің адвокаты Нұркен Қалмұрзаев.

Шымкент қалалық полиция басқармасының ресми өкілі Салтанат Қаракөзова зардап шеккен тараптың арыз-шағымдарына байланысты тергеуші ауыстырылғанын айтты.

«Оларға бірқатар сараптамалар тағайындалды. Ал барлық мән-жай сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады»,- деді Қаракөзова.

Қазір тергеу дәлелдемелерді жинауда. Бірінші тергеушінің абайсыздыққа жол бергені дәлелденсе, тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Анасы сегіз жасар қызына барынша көңіл бөліп, оны өз әкесінен қорғауға тырысуда.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.