Полиция бастығына қыз зорлады деген айып тағылды: іс сотқа жіберілді

1 618

Фото: gov.kzТалдықорған полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Оған қыз зорлады деген айып тағылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Облыстық соттың баспасөз қызметінің агенттікке хабарлауынша, іс Талдықорған қалалық сотына түскен. Сот отырысы өтететін күндер әлі белгіленбеген. 

Еске салайық, 13 қарашада Талдықорған полиция басқармасының бастығы 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталғаны мәлім болды. 

Сол кезде Жетісу облыстық полиция департаментінің ресми сайтында қалалық полицияны Марат Күштібаев басқаратындығы көрсетілген. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Полицейлер Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін атқара отырып жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу барысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды. 

14 қарашада күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. 

Талдықорған полиция басқармасы бастығының міндетін уақытша атқару жедел жұмыс жөніндегі орынбасары Қайрат Баймұхановқа жүктелді. 

Сондай-ақ осы жайттан кейін Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов қызметінен босатылды. Оның міндетін атқару ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік департаментін басқарған генерал-майор Арман Садановқа жүктелді. 

Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы болып, бұған дейін Ақсу ауданының полиция бөлімін басқарған Ернар Ширбаев тағайындалды. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.