Толассыз жауған жаңбырдан Кентау қаласын су басты

1 582

Фото: видеодан кадрТүркістан облысындағы Кентау қаласы су астында қалды. Әлеуметтік желілерде қаланың бірнеше аумағы су астында қалған сәттің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.


Желідегі жазбаларға сүйенсек, толассыз жауған жауын-шашыннан орталық базар ішіндегі су адамның тізесіне дейін жетіп, ондағы сауда орындарына дейін кіріп кеткен. Сондай-ақ жаңбыр суы Бала Бүргем елдімекеніндегі үй аулаларына дейін жетіп, кей үйлерге зақым келген.


Қала әкімдігі жауын суын сору жұмыстары жүргізілгенін, қазіргі таңда жағдай тұрақты екенін хабарлады.


"15 сәуір күні сағат 16-00-ден 17-10-ға дейін болған жауын-шашынның салдарынан Кентау қаласындағы 3 жеке тұрғын үй мен 1 үйдің жертөлесіне су басу орын алды. ТЖД күштері мен жергілікті әкімдік қызметкерлері тарапынан суды сору және бұру жұмыстары жүргізілді. Жағдай тұрақты" делінген әкімдік мәліметінде.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.