Қазақстан тұрғындары шілде айында неше күн демалады?
Қазақстандықтар шілдеде қосымша демалыс алады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
2025 жылдың шілдесінде қазақстандықтар басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Астана күніне орай үш күн қатарынан демалмақ. Мереке дәстүрлі түрде 6 шілдеде тойланады. Бірақ 2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты "Мерекелер туралы" заңда көзделгендей демалыс күні дүйсенбі 7 шілдеге ауыстырылды. Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн – 5 шілдеден 7 шілдеге дейін демалады.
Бес күндік жұмыс аптасындағыларға 5, 6 және 7 шілде (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) – демалыс күндері. Алты күндік жұмыс аптасындағыларға 5 шілде (сенбі) – жұмыс күні, ал 6 және 7 шілде (жексенбі және дүйсенбі) демалыс.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалыс пен 22 күн жұмыс істесе, 6 күндіктегілерге 5 күн демалыс және 26 жұмыс күні болады.







