Алаяқ зейнеткердің атына 1 млн теңгеден астам несие рәсімдеген

1 558

FreepikПавлодарда алаяқ зейнеткердің атына 1 млн 125 мың теңге несие рәсімдеген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Соңғы уақытта алаяқтар тұрғындарға көбінесе банктің қауіпсіздік қызметкері болып телефон соғады. Телефон арқылы олар күмәнді төлем немесе аударым туралы хабарлайды және азаматтардың карталарынан ақша ұрлау үшін деректерді алуға тырысады.


Осындай алаяқтардың кезекті құрбанының бірі – павлодарлық зейнеткер. Жас жігіт әйелдің нөміріне қоңырау шалып, өзін банк қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырған. Зейнеткерге атына несие рәсімделгенін және оны жою үшін банктің мобильді қосымшасын жүктеп алып, жігіт айтқан нұсқауларды орындауы керектігін айтқан. Осылайша қаскөй зейнеткердің атына жалпы сомасы 1 млн 125 мың теңге несие ресімдеген. 


"Осыған ұқсас тағы бір оқиға – алаяқтың арбауына 30 жастағы ауыл тұрғыны түсіп қалды. Ол мобильді қосымшасымен 370 мың теңге сомасына тауар несиесін ресімдеген. Алаяқ оған қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырды және осы қаражатты қолма-қол ақшалай шешіп беруді ұсынды. Банк рәсім үшін соманың 3%-ын есептен шығарады деп айтты. Кейін сілтемені жіберді және сол сілтеме арқылы өткен оның шотынан ақшаны суырып алды. Алданған азаматтарда полицияға қоңырау шалудан басқа ешқандай амал қалмады", – дейді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Ризабек Жанат.


Қазіргі уақытта алаяқтық фактілері бойынша осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.


Полиция департаменті азаматтарға осындай жағдайлардан қорғану үшін жеке кабинеттерін, банк карталарындағы деректерін басқа біреуге хабарлауға болмайтындығын ескертеді.