Қызылордада аялдаманың аты бар да, заты жоқ
373
Қызылорда қаласына қарасты Титов қыстағының тұрғындары аялдамаға жарымай жүргендерін айтуда, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қалаға қарасты Титов қыстағының тұрғындары Instagram әлеуметтік желісінде қыстақ орталығындағы “Базарчик” аялдамасына аялдай алмай жүргендерін жеткізді. Аялдаманың аты болғанымен заты жоқ. Қоршау мен орындықтан құр қалған аялдамада тұрғындар жазда күннен, қыста суық пен қара желден қашып, қай жақтан көлеңке мен ық табарын білмеуде.
Ал, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тұрғындардың әлеуметтік желідегі наразы жазбасына мынадай жауап қалдырған:
Қорыта айтқанда, қыстаққа қаржы бөлінбеген, ал қаржы қашан бөлінетіні белгісіз. Демек, аялдама жағдайы осы жылы оңалмайтыны айдан анық болып тұр. Келер жыл басында бюджеттен қаржы бөлініп, қыстақ аялдамалары ретке келер деген ойдамыз. Бұл мәселе біздің агенттіктің басты назарында болады.

Мына көрініс Титов қыстағының дәл орталық аумағында орын алып отыр. Автобустар тоқтайтын “Базарчик” аялдамасы. Аялдама деген аты болмаса заты жоқ. Я орындықтары жоқ, я қоршауы жоқ. Адамдар жазда күннен қашып қайда тығыларын білмей, қыстың аязды суығында қайда тығыларын білмей дал болып тұрады. Бұын бұл жерде қоршау бар тұғын, кейін оны қайда және кім алып кеткені үлкен сұрақ. Бұндай көрініс тек “Базарчикте” ғана емес, Титов қыстағының басқа аялдамаларында да көрініс алады. Қызылорда қаласының әкімшілігі қала ішілік аялдамаларды орнатып, Титовқа шамалары жетпегеніме? Осы мәселені аязды күндер басталмайынша қарастыруларыңызды сұраймыз,-деді қыстақ тұрғыны.
Ал, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тұрғындардың әлеуметтік желідегі наразы жазбасына мынадай жауап қалдырған:
Сәлеметсіз бе! Қызылорда қаласы, Титов қыстағындағы аялдаманың құрылыс жұмыстарын жургізу үшін бюджеттен қаржы бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылатын болады. Осы ретте, бюджеттен қажетті қаражат көлемі бөлінгеннен кейін, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылады,- делінген жазбада.