Әскерде тағы сарбаз көз жұмды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысында тағы бір әскери қызметкердің қаза тапқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, 7 қарашада Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде мерзімді әскери қызметші мерт болды.
Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.
Қаз
Рус






