Сот саласы тәуелсіз біртұтас жүйеге айналды

197
Бүгінде егеменді еліміздің сот саласы - қауқарлы да қуатты, тәуелсіз біртұтас жүйеге айналды, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

 Бұл қызмет талай уақыттан бері атқарылып келе жатқан сот-құқықтық реформалардың берген нәтижесі деп нық сеніммен айтуға болады. Қазақстандағы әділеттіліктің салтанат құруы мен тәуелсіз сот жүйесінің қалыптасу жолында көптеген жұмыстар атқарылғаны белгілі. Осы тұста сот жүйесін, оның ішінде Қызылорда облысы соттарын өрге сүйреп, қазіргі таңда құрметті еңбек демалысына шыққан ардақты ардагерлерімізді айта кетуді  жөн санадық.


Ардагерлеріміздің ішінде Әнуарбеков Аманкелді Әнуарбекұлы, Шыңғысова Ғалия Шакетқызы, Имандосов Мырзамұрат, Сматұлы Елтай, Ким Ольга Васильевна, Бесбаева Нұргүлсім, Ахметов Молдабек Меңлібайұлы, Қиязов Бейбіт Өмірзақұлы, Нұрсейтов Зейнулла Әлімжанұлы, Қожаниязов Амангелді, Таңатова Гүлсім Ахметқызы облыстық соттың судьясы қызметінен отставкаға шықты. Оның ішінде Ғ.Шыңғысова мен М.Ахметов облыстық соттың алқа төрағалары қызметтерін абыроймен атқарған. Қазіргі таңда А.Әнуарбеков сот ардагерлері кеңесінің, ал З.Нұрсейітов облыстық Билер кеңесінің төрағасы ретінде қоғамдық жұмысқа белсене араласып отыр.
Ғаниұлы Төлеухан ұзақ жыл Қызылорда қалалық сотының төрағасы қызметін абыроймен атқарып, құрметке бөленіп, зейнеткерлікке шықса, Жаубасаров Әмір Рүстембекұлы мен   Жаңбыршаева Зина Ізбастықызы да осы соттан еңбек жолын тәмамдады.

Сонымен қатар, Баймағанбетов Тұрмат Сабекұлы Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотынан; Смағұлова Баян Шарафидинқызы Қызылорда облысының мамандандырылған  ауданаралық экономикалық сотынан; Жақыпов Мұхиядин, Темірбаев Қайыркелді,  Аманбаева Нұрсауле Қазалы аудандық сотынан; Нұрпейісова Қарлығаш Байқоңыр қалалық сотынан және  Құсекеев Күмісбай мен Сайдуллаев Абдуллажан Сайджаппарұлы Қызылорда қаласы №2 сотынан құрметті еңбек демалысына шықты.
Ардагер судьяларымыз әрқашан да соттың өркендеуі мен Сыр өңірінің соты алдыңғы қатарлы ұжымға айналуы жолында аянбай еңбек етіп, Қызылорда облыстық сотынының тарихинан сыр шертетін мұрағатты қалыптастыруда да өз үлестерін қосты.


Өткен тарихты бағалай отыра облыстық сотта әр кезеңде қызмет атқарған аға ұрпақ өкілдеріне құрметіміз шексіз. Олардың сіңірген еңбектері мен жасаған игі істері ізбасар ұрпақтың жадында болуы шарт. Өзіндік сара жолы бар облыстық соттың тарихы мұнымен тоқтамайтыны ақиқат. Осы алдыңғы ұрпақ аға, апаларымыздың салып кеткен әділеттік сара жолында әділеттіліктің туын берік ұстап, заңды бұлжытпай орындау арқылы халыққа қызмет жасау әрбір сот судьясының жадында және оны солай атқаруды мақсат тұтамыз.