Сатушыны қорқытқан күдікті саусақ ізі арқылы ұсталды
Қостанайда дүкендердің бірінде сатушыны пышақпен қорқытып, 15 мың теңгені қолды қылған күдікті саусақ ізі арқылы ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Қостанай қаласында болған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Зорлық-зомбылықпен қорқыту арқылы ашық түрде ұрлық жасағаны үшін күдіктінің мүлкі тәркіленіп және жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Қостанай облысы ПД хабарлады.
Айта кету керек, "Папилон" жүйесі саусақ ізі туралы ақпаратты енгізу, өңдеу, салыстыру, сақтау және берудің барлық процесін барынша автоматтандыруды қамтамасыз етеді.