Жезқазғанда балалар түн ортасында ойын алаңын өртеп жіберген

2 300

Фото: Видеодан скринЖезқазған қаласы Түсіпбеков көшесіндегі үйдің ауласында үш бала ойын алаңын өртеп жіберген. Оқиға 7 шілдеде түнгі сағат 4:00 шамасында болған,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Үш бала түн ортасында көшеден тауып алған жемпірін өртеген. Жалын балалар сырғанағына тарап, нәтижесінде пластикалық жақтау түгел өртеніп, жақын жерде тұрған ағаш орындық та зақымданған.

"Бұл оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмағандарды анықтадық. Тергеу қорытындысы бойынша олардың ата-аналары бала тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамағаны, кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз үйден тыс жерде жүргені үшін жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.