Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды
Қазақстанда Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қанат Ниязбеков сот шешімімен қамауға алынды.
Каспий теңізінде өткен әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты қылмыстық істі тергеу аясында ұсталған.
"Әскери-тергеу бөлімшесі Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында қызметке салғырт қарағаны үшін Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысын, I дәрежелі капитанды ұстады.Уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген ІІМ хабарламасында.
Министрлік мәліметінше, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынған.
Бұл қызметті бұған дейін I дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков атқарған. 3 қазанда Президент оны қызметінен босатқан еді.
Қаз
Рус






