Астролог қыркүйек айына болжам жасады
357
Қыркүйек тыныш болмайды
Айтуынша, қыркүйек – ұзақ мерзімге жоспар құрып, қордаланып қалған түйткілдердің түйінін тарқатуға таптырмас уақыт. Жаңа іс бастамай, керісінше бұрынғы істі соңына дейін жеткізген дұрыс.
Маман қыркүйектің үшінші онкүндігі мен қазанның оны аралығында адамдар еркіндік пен әділдік іздеп, наразылықтар болуы мүмкін екенін болжады.
Сонымен қатар, бұл кезеңде күмәндану, ашушаңдық, алаяқтық, алдау байқалады. Жағымсыз хабар да алуыңыз мүмкін. Көп адамға ортақ бизнес, мұрагерлік, алимент, қарыз, салықпен байланысты проблемаларды шешуге тура келеді.
Радикалды әрекеттерге үндейтін митингтер болуы ғажап емес. Ұрыс-керістен аулақ жүрмесеңіз, соңы төбелеспен аяқталуы мүмкін.
Сондай-ақ, қыркүйек – ынтымақтастыққа, бірлескен жұмысқа, келісімшарт бекітуге қолайсыз кезең.
Әбдірайымованың айтуынша, күздің бірінші айында ота жасатпаған жөн.
Айдың әр күніне болжам
1 қыркүйек – логика, байыптылық, дау-жанжалдан аулақ болуға тырысу.
2-3 қыркүйек – өз-өзіңе көңіл толмау, озбырлық, қоғамға жат қылық. Бұл күндері жол апаты болуы мүмкін, берілген уәде орындалмайды, алаяқтар іс-әрекетке көшеді.
4 қыркүйек – логика іске қосылады.
5-6 қыркүйек – төбелес пен ашушаңдық.
7 мен 10 қыркүйек аралығы – бүкіл алауыздықты бейбіт жолмен шешуге болады. Сондықтан 3 мен 6 қыркүйек күндері дау-жанжалдан барынша аулақ жүріңіз, ашуды жеңген кезде ғана дау-дамай оңай шешіледі.
11 қыркүйектен бастап адамның ішкі жан-дүниесіндегі тартыс, қарама-қайшылық аласұрады.
13-14 қыркүйек – алдап-арбаудан, өзін-өзі алдаудан сақтаныңыз, айналада болып жатқан оқиғаға байыппен қарауға тырысыңыз.
Тағы оқыңыз: Алматыда ертеңнен бастап карантин жеңілдетіледі
16-17 қыркүйек – жұмыс қабілеті, белсенділік артады. Сондай-ақ күмән, қызғаншақтық, сараңдық сияқты жаман қасиеттер байқалады, олардың жетегінде кетпеңіз.
18-19 қыркүйек – позитив, жарқын ой, жаңа жоспар, сәтті таныстық.
Ал 20 қыркүйектен бастап айдың соңына дейін айтарлықтай күрделі кезең.
22-23 қыркүйек – ғашықтардың жолы екіге айырылуы мүмкін, бірақ егер ол адам сізге қымбат болса, бұған жол бермеңіз.
Адам бұл кезеңде болатын оқиғаларды өзгертуге қауқарсыз, сондықтан ондай жағдайларға тек басқа көзқараспен қарауды үйрену керек. Айналаңызда не болып жатқаны маңызды емес, ең бастысы, сіздің сол оқиғаларды қалай қабылдайтыныңыз. Эмоцияға ерік берсеңіз, қате шешім қабылдап қоюыңыз мүмкін
Сондай-ақ, жұлдызнамашы аса қажеттілік болмаса, ұзақ сапарға шықпауға кеңес берді.
«Қыркүйек жағымды-жағымсыз оқиғаларға толы, тыныш болады деп айтуға келмейді. Жалпы, осы жылдың күзі мен қысы беймаза мезгіл. Бұл айда кредит алмаған дұрыс, себебі несиені уақытында төлеу қиынға соғады. Егер осы айда сізді мазалап жүрген проблемаларды кейінге қалдырсаңыз, қазан айының ортасында олармен тағы да бетпе-бет келесіз. Сондықтан қиындықтан қашпай, оны шешу жолын тапқан жөн», – деді Әбдірайымова.