Дәмхананың иесі өрт болғанын жасырғаны үшін айыппұл арқалады

1 512

Фото:© Видеодан скринДостық даңғылындағы “Friendly” кафесінде болған өрттің видеосы Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлерінің назарына ілікті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сайтына сілтеме жасап.

 Дәмханада туған күн болған, залға отшашуы бар шырақпен безендірілген тортты әкелген кезде, ұшқындар жанғыш интерьер декорацияларына тиіп, өрт шыққан. Тексеру нәтижесінде мекеме әкімшілігі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғаны анықталған. Дәмхана ішінде кез келген пиротехниканы қолдануға қатаң тыйым салынған, себебі мұндай орындардағы сәндік материалдар бірнеше секунд ішінде-ақ тұтанып кетуі мүмкін. Өрт басталған кезде қызметкерлер 101 нөміріне хабарласпай, оны өз бетінше сөндіруге тырысқан. 

Алматы төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, меншік иесіне қатысты екі әкімшілік іс қозғалған:
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 410-бабы 1-бөлігі (Үй-жайда пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу);

- "Азаматтық қорғау туралы" Заңның 16-бабы (Өрт туралы өрт сөндіру қызметіне хабарламау).

- Әрбір заң бұзушылық үшін кәсіпкер 15 АЕК (шамамен 65 мың теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.