Жүргізуші әйел екі баланы қағып кетті
Түркістан облысында екі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні көлігімен қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sn.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылында болған. Түркістан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жергілікті тұрғын «Changan» маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, көшелердің бірінде кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні соғып өткен.Осыдан кейін жүргізуші оқиға орнынан бой тасалап, басқа көшеде тағы бір кәмелетке толмаған мектеп оқушысын қағып кеткен. Зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілген. Олардың бірі тексеруден кейін үйіне жіберілген.
Сондай-ақ бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделеніп, куәлардан жауап алынған. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданған.







