−20°C-та қаңғыбас итке көмектескен курьерді "Додо Пицца" жұмыстан қуып жіберген
Ресейдің Челябі қаласындағы пиццериялардың бірінде болған оқиға интернет қолданушыларының пікірін екіге бөлген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Курьер Михаил мейрамхана кіреберісінде тоңып тұрған қаңғыбас итті көріп, оны жамылғымен жауып қойған. Алайда көп ұзамай ол осы әрекеті үшін жұмысынан айырылған.
Жағдай тез арада көпшілікке жария болып, әлеуметтік желіде наразылық толқынын туғызған. Даудың ортасында қызметкер мен жергілікті басшылық қана емес, сондай-ақ қызметкерлер мен клиенттер еркелетіп "Додобоня" деп атап кеткен ит те болған. Компанияның негізін қалаушы да бұл мәселені шешуге араласқан.
Жаңа басшылық қызметкерлерге қаңғыбас итке көмектесуге қатаң тыйым салғанын айтып, ескерту жасаған.
Желі негізін қалаушы Федор Овчинников челябілік иттің тағдырына жеке жауапкершілік алатынын айтқана. Ол Telegram-арнасында иттің жағдайы жақсы болатынын уәде етіп, панадан кейінгі өміріне де көмектесетінін жеткізген. Сондай-ақ ол жұртшылықты асығыс қорытынды жасамауға және пиццерия басқарушысын айыптамауға шақырып, оның жұмысының күрделі екенін атап өткен. Овчинников компанияның жануарлар паналарына тұрақты түрде көмектесетінін де еске салады.
Кейін курьердің жұмыстан босатылғаны туралы жаңалық әлеуметтік желіде тез тарап, қызу пікірталас тудырған. Көптеген келуші Михаилға қолдау білдіріп, наразылық ретінде желі мейрамханаларына бойкот жариялай бастаған.
Қолданушылар шешімді қайта қарауды және жауапты басшыларды жазалауды талап етті, курьердің әрекетін тәртіп бұзу емес, адамгершілік деп санаған.







