1 қаңтардан бастап заңдастырылған көліктер утиль алымынан босатылады

294
Жаңа жылдан бастап заңдастырылған шетелдік көліктер утиль алымынан босатылады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі 16 қарашада утилизациялық алым төленетін тауарлар тізімін жариялады. Құжат 2023 жылы қаңтардың ортасында күшіне енеді. Бірақ онда президент заңдастыруды тапсырған шетелде тіркелген машиналардың бұл алымнан босатылатыны жазылмапты.

31 қазанда утиль алымы мен алғашқы тіркеу сомасының орнына 200 мың теңге мөлшерінде бір реттік төлем алынатыны белгілі болды. Бұл шешім Салық кодексіне өзгеріс енгізу жобасында жарияланған.

Kolesa.kz редакциясына Экология министрлігі түсіндіргендей, дайындалып жатқан құжат алдағы бірнеше жыл бойы қолданылатындықтан, тауарлар тізімін өзгертуге болмайды. Ал шетелде тіркелген машинаны заңдастыру жұмысы уақытша мәселе, оған жеке түзету жазылады. Қолда бар ақпаратқа сенсек, заңдастырылған көліктер 2023 жылы 1 қаңтардан бастап утиль алымынан босатылады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.