Клиенттің талабын орандамаған InDrive жүргізушісі сынға қалды

1 513

Фото:© видеодан скриншотӘлеуметтік желіде Астана қаласында болған кезекті такси дауы қызу талқыланып жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.

Отадан соң үйіне қайтып бара жатқан жолаушы қыз мен InDrive жүргізушісі арасындағы жанжал желі қолданушыларын шулатты. Бірі «Қызмет көрсету салты сақталмады» десе, екіншілері «Жолаушының өзі бұйрық беру арқылы ашуға тиді» деп айтқан.

 Клиент отадан соң өзін жайсыз сезініп, жүргізушіден қатты шығып тұрған музыканы өшіруді немесе бәсеңдетуді бірнеше рет өтінген. Процедурадан кейін басы ауырып, мазасы қашқан азаматшаның бұл өтінішін жүргізуші елеусіз қалдырып, тіпті әдейі эмоцияға шығарған. Амалсыз қалған жолаушы болған жайтты камераға түсіріп, желіге жүктеуге мәжбүр болған. Видеоның астында мыңдаған пікір жазылып, тұтынушылық мәдениет пен таксистердің әдебі туралы үлкен дау басталған. Желі қолданушыларының басым бөлігі сервистің сапасыздығын және жүргізушілердің өз міндетін ұмытып кететінін алға тартып жатыр.

«Музыканы басу немесе өшіру – қарапайым әдептілік. Жүргізуші тегін емес, ақшаға қызмет көрсетіп тұр. Олар қай кезде өздерінің қызмет көрсету саласында жүргенін түсінеді? Енді бірі бұрын өз басынан өткен жағдайды еске алып: «Маған да бір таксист «бұл менің машинам, не істегім келсе соны істеймін» деп жол ортасынан түсіріп кеткен. Сонда тегін тасып жүр ме?» - дейді ол.  


Сонымен қатар, кейбір қолданушылар қыздың отадан кейінгі түрін көрсетіп видео түсіргенін «хайп» деп бағалаған, «Бұрын адамдар отадан кейінгі күйін көрсетуге ұялатын, қазір бәрін желіге салады» -деген олар.