Қызылорда облысында жанжал шығарған 215 отбасы есепке алынды

174
Қызылорда облысында отбасында жанжал шығарған 215 құқық бұзушы есепке қойылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



“Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы ПД қызметкерлерімен отбасында жанжал шығарған 215 құқық бұзушы ішкі істер органдарының есебіне қойылды, 4105 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Тәртіп сақшылары ішкі істер органдарының профилактикалық және тізімдік есебінде тұрған 1684 адамды мекен-жайларынан тексеріп, олармен қылмыстарды қайта жасамау бағытында профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

 Сонымен қатар іс-шара барысында ішкі істер органдарының есебінде тұрған қару иелерінің 2891-і тексеріліп, тұрғындардан тіркелмеген 6 қару тәркіленді. Қаруды сақтау, тасымалдау ережелерін бұзған 17 облыс тұрғынына қатысты шаралар көрілсе, қару иелеріне ӘҚБтК-нің 482-бабымен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз сатып алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) шара қолдану үшін әкімшілік істер сотқа жолданды. 

Облыс көлемінде барлығы 24 пәтер заңсыз жалға ұсынылып жатқандығы анықталып, олар бойынша шешім қабылдау мақсатында құжаттар жинақталып, жергілікті жерлердегі Мемлекеттік кірістер басқармаларына ұсыныстар жолданды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.