Вице-министр: “Арзан өнім керек болса — базарға барыңыз”

1 548

Фото: СЦКБрифинг барысында журналистер вице-министр Айдар Әбілдабековтен Қазақстанда азық-түлік неге басқа елдерге қарағанда қымбат екенін сұрады. Жауап ретінде вице-министр тұрғындарға супермаркеттерден емес, бағасы төмен базарлардан сауда жасауды ұсынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Журналистер Германия мен Қазақстандағы азық-түлік бағасын салыстырған видеоны еске салғанда, Әбілдабеков бұл жағдайды жалпылауға болмайтынын айтты. Оның сөзінше, ел ішінде де баға айтарлықтай өзгереді: Астана мен Алматыдағы базарларда кейбір өнімдер супермаркеттерден әлдеқайда арзан.

Вице-министр бағаға әсер ететін бірнеше факторды атап өтті:

  • жеміс-жидек пен көкөністі оңтүстіктен немесе көрші елдерден жеткізу шығындары;
  • сатушылардың әр өңірдегі менталитеті;
  • дүкендер арасындағы үстемеақының айырмашылығы.

Германиядағы төмен бағаларды ол "жеке жағдай" деп атады және Қазақстанда да әр дүкенде бағаның әртүрлі болатынын мысалға келтірді.

Әбілдабеков өзі де әр апта сайын "Асем" базарына барып, қай жерде ет, тауық еті немесе тұрмыстық химия арзан екенін анықтап жүретінін айтты.

"Кім арзанды қаласа – базарға барады, қымбатты қаласа – премиум супермаркетке барады", – деп түйіндеді ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.