Зейнетақы қоры жыл басынан бері 154 миллиард теңге шығынға ұшыраған - Пірматов

240

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 154 миллиард теңге шығынға ұшырады. Себебі қаржы нарығындағы тұрақсыздық зейнетақы жинағы бойынша инвестициялық табыстарға кері әсер еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Фото: БжЗҚ


Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов қаржы құралдарының көпшілігі арзандағанын мәлімдеді. Ал теңге бес айда нығайған. Жыл басынан бері инвестициялық кіріс 154 миллиард теңгеге қысқарған. Сонымен қатар ол зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы табысы 4%-дан асқан дейді.

 

"Жинақтаушы зейнетақы қоры жүйесінің табыс көрсеткіші мен инфляцияны ұзақ уақыт негізінде қарастырған жөн. Мысалы, соңғы бес жылда зейнетақы активтерінде жиналған табысы 53%, бұл кезде жиналған инфляция мөлшері 46,2% болған", – деді Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.