Депутаттар 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелер қатарынан алып тастауды ұсынды

275

Фото: Ақорда прессДепутаттар «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға мынадай түзетулер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы аясында аталған ұсынысты енгізген. Аталған заң жобасын Мәжілістің бүгінгі отырысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қорғайды. Мәжіліс депутаттарының ұсынысына сәйкес:

- 25 қазанды Ұлттық мереке – Республика күні ретінде айқындау;

- 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу.

Бұдан басқа, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.