Нөмірін матамен жапқан жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

1 509

Фото:© polisia.kzЖүк көлігінің 24 жастағы жүргізушісі бейнекамераларға түспеу мақсатында мемлекеттік тіркеу нөмірін матамен жауып қойған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Сот шешімімен ол бір жыл мерзімге көлікті басқару құқығынан айырылып, қамауға алынған. Заң бұзушылықтардың бірі елордаға кіреберісте анықталған.  Құқық бұзушылықты жасыру әрекеті нәтижесіз болған. Жүргізуші тоқтатылып, жауапқа тартылған. 

Полиция мемлекеттік тіркеу нөмірлерін жасыруға әрекет жасау, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтау және жол қозғалысы ережелерін бұзудың басқа да түрлері заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салған.  Азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін барлық құқыққа қайшы әрекеттер “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру аясында қатаң түрде тоқтатылатын болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.