Қытайда COVID-19 табылған адамдарды дүкен ішіне қамап қойған

299

Қытайда COVID-19 жұқтырған адамдарды супермаркетке қамап қойған. Дүкенге келушілердің бірінен вирус жұқтыру көрсеткішінің оң нәтижесі анықталған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа қарағанда, олимпиада ойындарының өтіп жатқанына байланысты елде қатаң шектеу шаралары қабылданған. Қытайдағы супермаркеттердің бірінде келушілердің бірінен коронавирус инфекциясы анықтала салысымен, бүкіл дүкенді ішіндегі халықпен бірге карантинге жауып тастаған. Осылайша адамдар азық-түлік сөрелерінің жанында ұйықтап, сол жерде тамақтануға мәжбүр күйге түскен.

Бұған дейін Бейжіңде олимпиада ойындарының қарсаңында COVID-19 инфекциясының күрт өсіп кеткені туралы хабарланған. Билік өкілдері кейбір жергілікті аудандарға кіріп-шығуға шектеу қойылатынын айтқан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.